Балалар ойнайтын алаңға тұрғын үй салайын деп жатыр
Балалар ойнайтын алаңға тұрғын үй салайын деп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Алматыдағы Ерменсай шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласындағы аумақты жеке кәсіпкер сатып алып, үй тұрғызуды қолға алмақ. Бұл жайында in.Almaty.kz хабарлайды. Үш қабатты үй 1984 жылы Әділет министрлігі қызметкерлеріне арнап салынған жатақхана. 90-жылдары үй мен оның аймағының құжаттары жоғалып кеткен. Бірнеше апта бұрын үйдің балалар алаңы орналасқан аумағы жеке меншікке өткені және қожайын ол жерді босатуды талап етіп жатқаны белгілі болды. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй жеке секторлардың ішіндегі жалғыз көпқабатты ғимарат. Үйдің алдыңғы жағында қоршалған жартас тұр, балалар алаңын көшіре қоятындай маңайда бос жер жоқ. Бұл жерде бұрыннан балалар алаңы болған. 2016 жылы тұрғындардың өтініші бойынша әкімшілік балалар алаңын жаңартып берген.
«Таяуда жердің жаңа қожайыны пайда болып, бізден бұл орынды босатуды талап етіп отыр. Біздіңше, бұл жерге жеке үй тұрғызбақ, өйткені айналадағы үйдің бәрі қымбат сарайлар. 7 ақпанда аудан әкімі мен жердің қожайыны кездесті. Сөйтсек, жер телімі 2005 жылы әкімшілік пен Әділет министрлігінің меншігінен шығып кеткен. Сосын екі рет, 2013 жылы және 2019 жылы сатылған. Біз иеліктен шығып кету жайлы құжаттарды қайта көтеріп, бұл шешімнің заңсыз екенін сот арқылы талап етеміз» дейді үй тұрғыны Наталья Островерхова.
Тұрғын үй газға не орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған. Тұрғындар 2014 жылдан бері құжаттарды қайта қалпына келтіре алмай жүр. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ