Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында айыппұл төлемей жүрген көлік иелерінен 10,54 млн теңге айыппұл өндірілді. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сүйенсек, 8-16 ақпан аралығында өңір бойынша «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Мұндағы мақсат – заң бұзып, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүргендердің борышын өндіру. – Шара барысында арнайы мобильді топтар құрылды. 3 күн ішінде 400-ге жуық рейд өткізіліп, 10 540 000 теңге мөлшеріндегі 984 әкімшілік айыппұл өндірілді. Сондай-ақ 8 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – дейді баспасөз қызметіндегілер. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы