Тақиялы Коби Брайант
Тақиялы Коби Брайант
Абай мен Шәмші киген тақияны Коби Брайант та киіпті. Қазақстан­ның АҚШ-тағы елшілігі қазақтың туын ұстап, тақия киген Кобидің фото­суретін жариялады. Елшілікке ерекше фотосуретті Тимур Несбитт табыстаған. Суретте қара Мамба бір топ қазақстандық баскетболшымен бірге қазақтың туын ұстап, тақиясын киіп тұр. Өз кезегінде елшілік тарихи суретке ризашылығын білдіріп, Коби Брайантты еске алды. «Лос-Анджелес Лейкерс» бас­кетболшысы Коби Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда тікұ­шақ апа­тынан қаза тапты. Спорт­шы­мен бірге оның 13 жасар қызы да қай­­тыс болды. Аты аңызға ай­нал­­ған баскетболшының қа­за­сы қазақстандық спорт жан­күйер­ле­рі­мен қоса әлемді дел-сал күйге түсірді.  Кейін белгілі болғандай,   сол күні  қатты тұман түсіп, тіпті тәр­тіп сақшыларының тікұшағы да әуеге көтеріле алмаған. Апат сал­да­ры­нан жалпы саны 9 адам көз жұмды.