Коронавирусқа ресми атау берілді
Коронавирусқа ресми атау берілді
© сурет интернеттен алынды
281
оқылды
Коувид – 19. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түріне осындай ресми атау берді,  - деп хабарлайды «Хабар 24». Женевада бұл дертке қарсы күрес шараларын әзірлеуге арналған жаһандық форум өз жұмысын бастады. Оған бүкіл әлемнен жиналған 400-дей сарапшы қатысып отыр.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың мәлімдеуінше, Қытайда тарай бастаған дерт бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. "Қазірде індеттің таралуына тосқауыл қоя алатын денсаулық сақтау жүйесінің негізгі шаралары бар. Дертке қарсы алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус . "Біз бұл вирустың табиғатын, яғни ол қай жолмен жұғып және қайдан шыққанын әлі де жіті білмейміз. Инкубациялық кезеңі бір тәуліктен 14 күнге дейін құрайтынын айтқанда, бұл ақпарат әртүрлі зерттеушілерден түскенін түсіну қажет. Олар мұнда зерттеулерінің нәтижелерімен қатар, бұл вирустың жануарлардан адамға қалай көшетіні және науқастарда ауру өтуінің ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөліседі деген үміттемін", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Фадела Шаиб.