Түркияда Абай жылын салтанатты түрде ашты

Түркияда Абай жылын салтанатты түрде ашты

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Түркия Мәдениет министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы мен «ТРТ Аваз» телеарнасының қатысуымен Түркиядағы Абай жылын салтанатты түрде ашты, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Салтанатты шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, «ТРТ Аваз» директоры Седат Сағыркая, Кечиөрен муниципалитетінің басшысы Тургут Алтынок, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, сондай-ақ Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің елшілері, шетелдік дипломаттар, зиялы қауым өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.