Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатында жеңіске жетті, - деп жазады Olympic.kz. Ильин 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 355 келіні (160+195) бағындырған. Екінші орында катарлық Фарес Ельбах орналасқан (353 келі). Үздік үштікті Өзбекстан өкілі Омарбек Шохназаров түйіндеді (341 келі). Айта кетелік, осыған дейін Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон (61 келі) алтын жүлдегер атанған болатын.