Коронавирус қаупі: Қытайда Қазақстанның консулдық бөлімшелерінің жұмысы шектелді
Коронавирус қаупі: Қытайда Қазақстанның консулдық бөлімшелерінің жұмысы шектелді
© сурет интернеттен алынды
Қытайда Қазақстанның консулдық бөлімшелерінің жұмысы шектелді деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Мұқтар Тлеуберді, - деп хабарлады Kaztag.kz. «Әлбетте, бізде қазір тек консулдық бөлімшелердің жұмыстары ғана шектелген (Қытайдағы – ҚазТАГ). (Қазақстандық дипломаттардың – ҚазТАГ) отбасылары сонда», - деді журналистердің сұрағына мәжіліс кулуарында жауап берген Тлеуберді. Бұл ретте ол атап өткендей, Қазақстанға оралғылары келген отбасыларға «отандарына қайту қамтамасыз етілген». Бұған дейін хабарланғандай, 150-ден астам адамды Қытайдан кезекті ұшақпен Алматыға жеткізу жоспарлануда. Кейін ҚР СІМ Қытайда қазақстандықтардың қайсысы қалатынын нақтылады. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 44,6 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 1113, 4,7 мыңнан астам адам жазылды. 2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.