Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс
Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
«Ақорданың» хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.