Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері парақор полицейлердің қай өңірлерде көп екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ІІМ-нің қай өңірлердегі департамент қызметкерлері сотты болғанын айтып берді.
"Тергеушілер ереже бұзушыны қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін, ал учаскелік инспекторлар осыған дейін сотты болғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартап, пробациялық бақылауды жеңілдеткені үшін сотталса, жол-патрульдік қызметтің инспекторлары жол ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін сотталды", - деді Анар Жарова.