Министрліктерде мемлекеттік қызметшілер қысқартылады
Министрліктерде мемлекеттік қызметшілер қысқартылады
© Sputnik / Абзал Калиев
Министрліктерде қанша мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылатыны осы жылдың желтоқсан айына дейін белгілі болады. Бұл кейбір өкілеттіктерді жергілікті атқарушы органдарға берумен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова қанша мемлекеттік қызметші қысқартылатынын айтқан жоқ. Себебі қазір функционалды талдау жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Министрліктерде қысқаратын штат саны тек соның қорытындысынан кейін белгілі болмақ. "Кешенді талдау осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады", - деді Шайымова мәжіліс кулуарында.