Жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аударған басшы сотталды
Жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аударған басшы сотталды
inform.kz
228
оқылды
Ақмола облысында аудандық мәдениет үйінің директоры жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді. «Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Есіл ауданының мәдениет үйі» МКҚК директоры А. Әбдіғапароваға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол 888 мың теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте. Оның айтуынша, қаражат жымқыру мәдениет үйінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақыны заңсыз аудару жолымен жасалған. «2020 жылдың 12 ақпанында Есіл аудандық сотының үкімімен А. Әбдіғапарова кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түрмеде өтейді. Сонымен бірге, әйел мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - деді Д. Бекайдаров.