Жұма, 31 қаңтар күні Қазақстан шахмат федерациясының кезектен тыс съезінде ұйымның жаңа президенті сайланды. Ол Бейбіт Атамқұлов болды Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) Президенті лауазымын 2015 жылдың шілдесінен бастап Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарды. "Соңғы уақытта екі спорт федерациясы мен қауымдастығын қоса алғанда, менің назарымды қажет ететін әлеуметтік жобалар саны айтарлықтай артты, – деді Есенов мырза съезінің шешіміне түсініктеме берді, – сондықтан мен ҚШФ-ның жаңа президентін сайлау туралы ұсыныс тастадым. Біз спортшылардың, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың, менеджерлердің тамаша командасын жинадық, барлық бизнес-үдерістер мен стандарттарды пысықтадық. Федерацияның жаңа жетекшісімен жақсы нәтиже көрсететініне сенімдімін".