«Қорғасты» жабу мерзімі ұзартылды
«Қорғасты» жабу мерзімі ұзартылды
© inform.kz
148
оқылды
Короновирус індетіне байланысты «Қорғас» орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды. Қытайдың тауары саудаланатын жер енді ақпанның соңына дейін істемейді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды. Осы жайтқа байланысты енді уақыт мерзімі ақпанның соңына дейін ұзартылды. Айта кету керек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес бұл уақыт аралығында «Қорғас» ХШЫО-ның ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығына белгілі, ол жерде біраз проблемалар бар. Тұрғындар халықтың көптігі салдарынан, кептеліс туындап, түрлі қиындықтарға тап болатынын айтқан еді. Қазір «Қорғас» орталығының жаңа басшысының алдында өткелді жаңғырту тапсырмасы тұр», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қорғас» орталығының 15 ақпанға дейін жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.