Атырауда ер адамды жол ортасында КамАЗ жаншып өтті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жол ортасында үш жігіттің ерегескенін көруге болады. Кенеттен ер адамның КамАЗ-дың астына түскені анық көрінеді. КамАЗ басып кеткен ер адамды екі жігіт көліктің астынан тартып шығарған. Полицияның мәліметінше, факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Атырауда шенеунік әйелін өлтіріп, өзіне-өзі қол салғанын жазған болатынбыз.