«ҚазАзотта» цех шатыры опырылды
«ҚазАзотта» цех шатыры опырылды
Фото: ТЖД-нен алынды
380
оқылды
Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехының шатыры опырылып ортасына түсті. Кәсіпорынның мәліметінше, апат 25 шілде күні сағат 05.20 шамасында болды.
«Қолайсыз ауа райынан ғимарат шатыры опырылған. Соңғы екі аптада өңірде аптап ыстық болды. Апат болған күні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды. Цехтың технологиялық жабдықтары бүлінген жоқ. Оқиға орнын «Жалын» өрт сөндіруші» ЖШС-ның авариялық құтқару қызметі мамандары тексерді» делінген ресми мәліметте.
Апат болған аймақ толықтай қоршалды. Зардап шеккендер жоқ.