Әлемдегі ең бай отбасы бір күнде 10 миллиард доллардан астам ақша жоғалтты

Әлемдегі ең бай отбасы бір күнде 10 миллиард доллардан астам ақша жоғалтты

Уолтон отбасының байлығы Walmart Inc. корпорациясының пайда бойынша табыс болжамын қысқартқаннан кейін 16,5 миллиард доллардан азайып кетті. Уолтондар отбасына қарайтын Walmart бөлшек сауда желісінің акциялары 7,6 пайызға төмендеп кеткен. Негізгі себеп компания кірістері туралы болжамы  сарапшылардың болжамынан әлдеқайда төмен болған. Инфляцияның қарқынды өсуі бөлшек сауда алыбының пайдасына айтарлықтай күш түсірген. Walmart және АҚШ-тың басқа да бөлшек сауда алпауыттары соңғы 40 жылдағы ең жоғары инфляция жағдайында сатып алушылардың киім-кешек пен басқа да тауарларды сатып алудан бас тартуынан зардап шеккені атап өтілді.