«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды. Оған жол сапасына қатысты тұрғындардың шағымы себеп болған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мәлімдеді.
«Ел тұрғындарынан болған сынға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиал басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - делінген ұсынылған хабарламада.