Үш адам көз жұмған жол апаты видеоға түсіп қалды
Үш адам көз жұмған жол апаты видеоға түсіп қалды
24,354
оқылды
Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында болған жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Inform.kz. Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16.30 шамасында болған. https://www.youtube.com/watch?v=iX1ink6-YUU&feature=emb_title
«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- делінген мәліметте.