Қазақстандықтар жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 99 миллион теңге алды

Қазақстандықтар жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 99 миллион теңге алды

708 қазақстандық сыбайлас жемқорлық туралы хабар бергені үшін 99 миллион теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соңғы үш жылда 708 адамға 99 миллион теңгеге берілді. Көшбасшы өңірлер - оңтүстік, атап айтқанда Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары. Қылмыстың ауырлығына байланысты азаматтарға 40-50 АЕК (2020 жылы 106-132 мың теңге) көлемінде ынталандырылады, бұл жиі кездесетін тәжірибе", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков.
Оның айтуынша, сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты есептеледі екен. "Ескі жүйе бойынша бізде тіркелген сома белгіленген. Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сыйақы мөлшері - 40 АЕК. Аса ауыр қылмыстар бойынша 100 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін", - деді Серік Бишібеков.