Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қаза тапты
Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қаза тапты
Фото: sputniknews.ru
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16.30 шамасында болған.
«Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарама-қарсы бағыттағы көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.