Жетім балаларға арналған мекемеден 12 миллион теңге жымқырған директор сотталды
Жетім балаларға арналған мекемеден 12 миллион теңге жымқырған директор сотталды
Фото: azh.kz
355
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері 12 миллион теңге жымқырған жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында А.Базарханованың 2013-2019 жылдары емдік денешынықтыруға бөлінген қаражаттты ұрлағаны, яғни мектеп директорының сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырғаны анықталды. Салдарынан балалар керек емді алмаған. Бұдан басқа А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегені үшін ақы аударып отырған, ал олар ақшаны есепшоттан алып, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Іс жүзінде қызметкерлер қосымша жұмыс істемеген. Сондай-ақ А.Базарханова танысына қарызын қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алады. Оған 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан-таражға салған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескеріп, А.Базарханованы 4 жылға бас бостандығынан айырды.