Әкесінің атынан онлайн кредит алған жас жігіт ұсталды
Әкесінің атынан онлайн кредит алған жас жігіт ұсталды
Фото: bankir96.ru
419
оқылды
Түркістанда жас жігіт әкесінің атынан жасырын онлайн кредит рәсімдеген, – деп жазады Polisia.kz. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу ақшалай онлайн несие алып, 1 миллион теңгеге жуық қарыз алған. Арада бір айдай уақыт өткен соң, банктен «несиеңізді төлеңіз» деген хабар келгенде кредит туралы бір-ақ білген. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің ұлы болып шықты. Ұлы қоңырау соғу үшін әкесінің телефонын сұрап алып, сол сәтте банк қосымшасы арқылы несие рәсімдеген.