Ақтауда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Ақтауда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Фото: Ақтау әкімдігінен алынды
402
оқылды
Қала әкімдігінің мәліметінше, жауыннан соң көшеден 19 398 текше метр су сорылды.  Кеше кешкі сағат 23.00-ден бастап, бүгін таңғы 06.00-ге дейін жауын-шашын жаууына байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суды сорды. Атап айтқанда, 17, 1, 34, 16, №22 және №19 автомобиль жолдарының қиылысы, 31, 5, 7, 14, №7 автомобиль жолы, 14 шағынаудан мектеп маңын судан тазартты. Оған 15 жұмысшы, 5 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель көлігі жұмылдырылды. Түнгі жауын-шашыннан 7  223 текше метр су жиналды. Күндізгі кезекшілікте: – 17 шағынаудан Халық арена; – 16 шағынаудан "Инара" тұрғын-үй кешені маңы; – 14 шағынаудан «Маңғыстау облысының әкімдігі» маңы; – № 18 автомобиль жолы, «Аққала мол» СҮ; – 14 шағынаудан 46 үй; – № 1 автомобиль жолы, 3 шағынаудан «Энергетикалық колледж»; – № 1 автомобиль жолы, 12 шағынаудан 59 үй маңы; – № 3 автомобиль жолы, 1 шағынаудан және 2 шағынаудан аралығы; – № 1 автомобиль жолы, 8 шағынаудан «Рахат» СҮ; – № 7 автомобиль жолы, 4 шағынаудан «Каспиан Ривьера» қонақүйі; – № 12 автомобиль жолы, 22 шағынаудан «Ер Қосай» СҮ; – № 27 автомобиль жолы, 31 шағынаудан Мағаш базар; – № 3 автомобиль жолы, 7 шағынаудан 12 үй маңынан жолдағы су жиналды.