Елордада футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
Елордада футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
1,150
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«26 шілде күні сағат 10.11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.