Уханьда қайтадан локдаун жарияланды
Уханьда қайтадан локдаун жарияланды
Фото: REUTERS
1,193
оқылды
Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды. Қытай билігі қала маңындағы бір миллионға жуық тұрғынды карантинге жапқан. Бұл туралы  ВВС ақпарат агенттігі хабарлады. Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпауға бұйрық берілді. Осыдан екі күн бұрын 12 млн халқы бар Ухань қаласында тұрғындарға тестілеу жүргізу кезінде асимптоматикалық жағдай анықталған. Кейін вирус белгілері жоқ тағы екі тасымалдаушы анықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарған. Қытай пандемия басталғаннан бері жаппай тестілеу, оқшаулау және ауру жұқтырғандарды қатаң оқшаулау әдістері арқылы COVID-ке қарсы қатаң шаралар саясатын жүргізіп келеді.