Алматыда оқушылар формасы қою көк түсті болады. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.
«Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни қою көк түсті форма»,– деді басқарма басшысы.Сондай-ақ ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын да атап өтті.
«Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқкиімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді»,– деді Ләззат Жылқыбаева.