Нұр-Сұлтанда «Қазпошта» қызметкерлері 294 миллион теңгені жымқырған
Нұр-Сұлтанда «Қазпошта» қызметкерлері 294 миллион теңгені жымқырған
340
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазпошта» қызметкерлері 294 миллион теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, үкім заңды күшіне енді.
«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының шешімен Б., Ж., Д. және Л. 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. «Қазпошта» АҚ жалпы сомасы 294 миллион теңгеден асатын аса ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыс жасаған пошта қызметкерлері азаматтарға екінші деңгейлі банктерде шот ашуды ұсынған. Кейін алаяқтар 10-100 мың теңгеге банк карталарын сатып алып, деректерді хакерлерге берген. Осылайша, олар ақшаны «Қазпошта» сайты және жалған IP мекенжайлар арқылы есептен шығарып отырған.
«Анықталмаған тұлғалар «Қазпочта» АҚ филиалдарының шалғай бөлімшелеріне қоңырау шалып, оларға өздерін бас кеңсенің IT бөлімінің қызметкеріміз деп таныстарған. Сөйтіп, төлем жүйесін баптау немесе жаңарту секілді  сылтаумен бөлімше операторларын алдап, оларға нұсқауларын орындата отырып, қаражатын есептен шығару бойынша заңсыз операциялар жүргізген», –  деп түсіндіреді сот қызметкерлері.