Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды
Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды
309
оқылды
Алматы облысының Есік қаласындағы атысқа қатысы бар тағы 2 күдікті ұсталды.
«Барлығы ұсталған үш күдікті 1999 және 1992 жылы туған азаматтар. Олар қамауға алынды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тергеу жұмыстары үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) жүргізіліп жатыр. Еске сала кетсек, шілденің 22-інен 23-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Артынша оның бірі көз жұмды.