Алматы облысының Есік қаласындағы атысқа қатысы бар тағы 2 күдікті ұсталды.
«Барлығы ұсталған үш күдікті 1999 және 1992 жылы туған азаматтар. Олар қамауға алынды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.Тергеу жұмыстары үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) жүргізіліп жатыр. Еске сала кетсек, шілденің 22-інен 23-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Артынша оның бірі көз жұмды.