Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты - видео
Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты - видео
Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев абақтыдан шықты. Бұл туралы оның туған қарындасы Instagram парақшасында жариялады. 12 шілде күні Бақытбек Есентаев тың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін Қапшағай қалалық соты қанағаттандырған болатын. Бақытбек Есентаев 6 жылдан соң туған-туыстарымен қауышты. Оны қарсы алуға жақындары мен достары жиналған.
«Міне, ағатайым шығып жатыр. Мына жақта көп достары күтіп тұр. Ағам көлікке отырды. Енді бұл жерді өмірі көрсетпесін. Кеттік тойлатамыз», - деді Нағима Есентаева видеода.
https://www.youtube.com/watch?v=7nQ67agmxu8&feature=emb_imp_woyt