Қырғыз милициясы аптап ыстыққа қарсы ерекше әдіс тапты
Қырғыз милициясы аптап ыстыққа қарсы ерекше әдіс тапты
1,166
оқылды
Қырғыз милициясы аптапқа қарсы ерекше әдіс тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бішкек қалалық Ішкі істер бас басқармасының (ІІББ) ресми парақшаларында видео жарияланды. Онда митингке шыққандарды таратуға арналған суатқыштар жолдарды ғана емес, сонымен қатар тұрғындарды да салқындатуға қолданылғаны түсірілген. Кадрларда асфальт пен жасыл желекке су шашып жүрген техникалар көрінеді. ІІББ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл бастама қала тұрғындары мен Бішкек қонақтарының арасында тек жағымды эмоция тудырған.
"Суатқыш зеңбірегі бар техника әсіресе балаларға ерекше ұнады. Жасанды жаңбырға қуанған балалар, айналада жүгіріп, асыр салды", – деді Бішкек қалалық ІІББ баспасөз қызметінің жетекшісі Ұлан Жұмақов.