2,2 миллион қазақстандықтың жалақысы өсті

2,2 миллион қазақстандықтың жалақысы өсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады. Мемлекет басшысына Халық­тың табысын арттыру бағдарлама­сының жүзеге асырылу ба­рысы туралы мәлімет берілді. Ералы Тоғжанов Қ.Тоқаевқа бірінші жарты­жылдықтың қоры­тындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет сала­сындағы 850 мың қызметкердің, квазисек­тор­дың өндірістік бағы­тында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құры­лымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жала­қысы өскенін баяндады. Президентке Үкіметтің бар­лық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқаны туралы айтыл­ды. Жергілікті атқарушы органдар­мен бірлесіп, табысы жоқ аза­маттардың экономикаға әлеу­мет­тік тұрғыдан жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар атқары­лып жатыр. Бұл ретте, оларға жұ­мыс орындары ашылып, жаңа кә­сіп түрлерін меңгеру үшін білік­тіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалуда. Премьер-министр орынба­сарының айтуын­ша, 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллион­нан астам жұмыс орнын ашу жос­парланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. 1 шілдедегі мәлімет бойынша, 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспар­дың 56 пайызына сәйкес келеді. Әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы салаларында және аграрлық сек­торда 2025 жылға дейінгі инвести­циялық жо­балар пулы жасақтал­ған. Бұл тізімде 266 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 847-ге жуық жоба бар. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысына «Жас­тар тағылымдамасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша тағылым­да­мадан өту мерзімін ұзарту, еңбек­ақы көлемін арттыру және жас­тардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға бөлінетін грант­тардың көлемін өсіру жөнінде баян­далды. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жата­тын азаматтардың тұрақты табыс табуы үшін жағдай жасалуда және әйелдерді жұмыспен қамту тетігі әзірленді. Кездесу соңында Мемлекет бас­шысы ха­лық­тың табысын арт­тырудың маңыздылығын және мұ­ның ұлттық жобаларда көздел­ген мақ­саттарға қол жеткізуге ті­келей байланысты еке­нін атап өтті. Үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақы­лауда ұстау тап­сы­рылды. Президент азаматтардың табысын арттыру жұмыстары бар­лық орталық және жергілікті ат­қару ор­гандары үшін басты міндет болуға тиіс деп са­найды.