Қазақстан-Грузия: Тауар айналымы 150 пайызға артты
Қазақстан-Грузия: Тауар айналымы 150 пайызға артты
342
оқылды
Мемлекет басшысы Гру­зияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге іл­типат білдіре отырып, екіжақты ынты­мақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бір­лескен күш-жігерді жұ­мыл­­ды­рудың маңызды екенін атап өтті.
– Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапа­рыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақ­тастықты дамытуға тың серпін бе­ретін бірқатар кездесу жоспар­ланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтас­тықтың берік арқауы байла­ныстырады. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастар­ды жалғастыру және одан әрі да­мыту, – деді Президент.
Кездесу барысында Қазақ­стан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвес­тициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мә­селелері талқыланды. Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүм­кіндігі бар болғандықтан, Қа­зақ­стан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарас­тыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байла­ныстарды нығайту үшін зор маңы­зы бар Транскаспий халық­аралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады. Ираклий Гарибашвили кез­десуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа риза­шылығын білдіріп, өз елінің ын­ты­мақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақ­ты­лады.
– Біздің достық және көп­жақты ынтымақтастығымыз жақ­сы дамып келеді. Мен маңыз­­ды мәселемен келдім. Екі­жақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байла­ныстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар ай­налымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынты­мақтастықты және достықты ба­ғалаймыз, – деді Грузия Премьер-министрі.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жол­дады.