Еліміздің мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізіледі

Еліміздің мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізіледі

Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек, деп хабарлады Kaztag.kz тілшісі. «Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», - делінген үкімет қаулысының жобасында. Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген. «Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», - деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.