Газдандыру ісі – партия бақылауында
Газдандыру ісі – партия бақылауында
238
оқылды
Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ау­да­нында «Өңір­лер­ді дамыту» және «Жұ­мыспен қамту жол кар­тасы» мем­ле­кет­тік бағдарла­ма­сы аясында 10 ел­ді мекенге таби­ғи газ құбыры тартылып жа­тыр. Бұл жұмыс­тар «AMANAT» пар­тиясы­ның жергі­лік­ті жіті назарында. Облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жоба жұмысымен таныс­ты. Сондай-ақ олар мердігер мекемеге құрылыс жұмысын сапалы орындау, жұмысшылардың жалақысын уақытылы беру, құрылыстың аяқталу мер­зімін кешіктірмеу бойынша тиісті ұсыныстар берді. Өз кезегінде, газ құбырын жүргізіп жатқан «Шымкент-Газ» ЖШС-нің учаске басшысы Гриша Тайыров құбыр­ды жүргізу жұмыстары 1 қыркү­йекке дейін толық аяқталатынын жеткізді. Яғни, көгілдір отын құбырын аталған мерзімге дейін басты газ магис­траліне жалғамақ. Осылайша, Жамбыл ауданында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, бұл жұмыстар толық аяқ­талғанша партияның бақылауында болады.