Жамбыл облысы Жамбыл ауданында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылып жатыр. Бұл жұмыстар «AMANAT» партиясының жергілікті жіті назарында. Облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жоба жұмысымен танысты. Сондай-ақ олар мердігер мекемеге құрылыс жұмысын сапалы орындау, жұмысшылардың жалақысын уақытылы беру, құрылыстың аяқталу мерзімін кешіктірмеу бойынша тиісті ұсыныстар берді. Өз кезегінде, газ құбырын жүргізіп жатқан «Шымкент-Газ» ЖШС-нің учаске басшысы Гриша Тайыров құбырды жүргізу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталатынын жеткізді. Яғни, көгілдір отын құбырын аталған мерзімге дейін басты газ магистраліне жалғамақ. Осылайша, Жамбыл ауданында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, бұл жұмыстар толық аяқталғанша партияның бақылауында болады.