Жанармай құю станциясындағы жарылыс: 12 жастағы жасөспірім ауруханада жатыр
Жанармай құю станциясындағы жарылыс: 12 жастағы жасөспірім ауруханада жатыр
Фото: factum.kz
238
оқылды
Өскемендегі жанармай құю станциясы маңындағы жарылысқа байланысты тергеу басталды. Оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған. Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 42 жастағы ер адам қаза тапты. 12 жастағы жеткіншектің денесін күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. «Қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімі Қылмыстық Кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалған» делінген департаменттің ресми хабарламасында.