Астанада көпбалалы отбасыларға екі-үш бөлмелі 124 пәтер берді
Астанада көпбалалы отбасыларға екі-үш бөлмелі 124 пәтер берді
Фото: bugin.kz
482
оқылды
Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды. Жалдамалы баспанаға өтінім 18-24 маусым аралығында қабылданды. Көпбалалы отбасыларға 2,3 бөлмелі 124 пәтер берілді. Ескерер жайт, баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріліп отыр. Қала әкімдігінің сайтынан толық тізімді оқи аласыз. Бұған дейін елордада көпбалалы әйелдер әкімдікке келген ер адамды соққыға жыққанын хабарлаған болатынбыз.