Полицейлер бір жыл бұрын жұмысқа кеткен ер адамды Ресейден тапты
Полицейлер бір жыл бұрын жұмысқа кеткен ер адамды Ресейден тапты
Фото: polisia.kz
Түркістанда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 46 жастағы ер адамды Ресейден тапты, – деп жазады Polisia.kz. Анасы баласын өз бетінше бір ай іздеген. Нәтиже шықпаған соң полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер із-түзсіз кеткен ер адамды іздеп, тапты. Ресейге сұрау салып, хат жіберген. Жоғалған ер адам Ресейге жұмыс істеуге барып, аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан. Анасы уайымдамасын деп туыстарына хабарласпаған. Жоғалып кеткен 46 жастағы азамат үйіне қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан ана полицейлерге алғыс айтты.   https://youtu.be/uF7qpprv57g