Нұр-Сұлтанда ірі көлемде есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Нұр-Сұлтанда ірі көлемде есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Фото: ҰҚК-нің сайтынан алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті есірткі тасымалының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.   26 шілде күні аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті А. есімді астана тұрғынын ұстады. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» – ред.) тәркіленді. Есірткіні жалдамалы пәтерде орап, онлайн сатқан. [caption id="attachment_210425" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: ҰҚК-нің сайтынан алынды[/caption] Аталған факті бойынша ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.