Батыс Қазақстанда бес жасар бала суға батып кетті
Батыс Қазақстанда бес жасар бала суға батып кетті
421
оқылды
Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала суға батып кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында Saya демалыс базасында болған.
«Сағат 19.30-да бес жасар баланың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағынан 4 адам (1 жүзу құралы) қатысты. Сағат 19.40-та куәгерлер баланың денесін судан шығарып алды. 2017 жылғы ұл бала шомылу үшін жабдықталған жағажайда ата-анасымен, туыстарымен бірге болған. Анықталғанындай, бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген. Ата-анасы мен туыстары сол кезде жағадан 50 метр жердегі жазғы кафеде болған. Баланың жоғалғанын көргеннен кейін іздестіре бастаған», – деп хабарлады ТЖ департаментінің өкілдері.
Айта кететін болсақ, биыл БҚО-да 12 адам суға кеткен. Оның бесеуі бала.