Көне динозаврдың қаңқасы 6 млн долларға сатылды
Көне динозаврдың қаңқасы 6 млн долларға сатылды
Фото: GETTY IMAGES
618
оқылды
АҚШ-тағы аукционда көне динозаврдың сүйегі 6 млн доллардан астам сомаға сатылды. Оны белгісіз біреу сатып алған, – деп жазды BBC News. Бейсенбі күні  Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында горгозаврдың қаңқасы сатылымға шығарылды. Ол – көпшілікке танымал тираннозавр рекстің алыс туысы болып саналады. Енді анонимді сатып алушы жойылып кеткен жыртқышқа қалаған есімін бере алады. Сондай-ақ ол жеке меншік сатылымға шығарылған жалғыз жәдігер. Бүкіл әлемде бұндай сүйек қалдықтарының саны 20 ғана екен. Sotheby's аукционының тарихында динозавр сүйегі екінші рет сатылымға шығарылып отыр. 1997 жылы Сью есімді тираннозавр Чикагодағы жаратылыстану тарихы музейіне 8,3 млн долларға сатылған. Горгозавр жер бетінде шамамен 77 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Басы мен аузы үлкен, алдыңғы екі қолы кішкентай болған. Динозаврдан кішірек болғанымен горгозавр тісі өткір әрі жылдам қимылдайтын болған. Қаңқа Американың Монтана штатынан табылған. Ол 79 элементтен тұрады. Биіктігі – 3 метр, ұзындығы – 6,7 метр.