Қазгидромет 30 шілде – 1 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Сондай-ақ найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады. Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +15 +25°С болады. Батыста +30 +35°С. Елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С ыстық болжанады» делінген ресми ақпаратта.