Павлодар облысында жол апаты салдарынан 4 адам зардап шекті

Павлодар облысында жол апаты салдарынан 4 адам зардап шекті

Павлодар облысында көпір өткелінде жол апаты болып, 4 адам зардап шекті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады. Жол апаты 28 шілде күні Ақсу қаласына баратын бағыттағы көпір өткелінде болған. Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, жол апаты туралы хабарлама сағат 22.38-де түскен. Автокөліктердің соқтығысуы салдарынан 4 адам зардап шеккен.

«43 жастағы әйел мен 67 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен және сынықтармен № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. 32 жастағы әйел мен 71 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты» делінген хабарламада.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, 43 жастағы әйел жабық бассүйек-ми жарақатын, іш қуысының жарақатын, сынықтар, үшінші дәрежедегі травматикалық шок алған. Қазір жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 67 жастағы ер адамда да жабық бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы мен түрлі жарақаттар анықталды. Ол нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа.