Оралда 11 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмды
Оралда 11 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмды
540
оқылды
Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған 11 жасар бала көз жұмды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше кешке орын алған.
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі – қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды» делінген ресми ақпаратта.