Алматы облысында браконьерлерден 26 қорап киік мүйізі тәркіленді
Алматы облысында браконьерлерден 26 қорап киік мүйізі тәркіленді
Алматы облысы аумағынан 3 броконьер ұсталды. Олардан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді» делінген ресми хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.