Субсидия қаражатын жымқырғандар 5 жылға сотталды

Субсидия қаражатын жымқырғандар 5 жылға сотталды

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқырған қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кінәлілерге алты жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ оларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кінәлілерге жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.