Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қазгидромет 30 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында арасында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Ақмола облысының солтүстік жартысында нөсер жаңбыр болады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің солтүстігі мен батысында күші 15-20 м/с-ті құрайды. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің бағыты батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке артады. Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 18 м/с болады. Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Өңірдің оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с-ке артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай болуы мүмкін.