Степногорск қаласында нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Степногорск қаласында нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Нөсер жауыннан кейін Степногорск қаласындағы көшелер мен базар аумағын су басты. Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында түсірілген видеолар кеңінен тарап жатыр. Көліктер орталық көшемен жүре алмай, кері бұрылып жатыр. Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгін таңертең Степногор қаласында нөсер жаңбыр жауды. Жауын-шашынның орташа айлық нормасының 50 пайызы немесе 56 миллиметр нормасында 28 мм түсті. Осының салдарынан қаладағы тұрғын үй аулалары мен орталық базар аумағын су басып қалды.
«Өкінішке қарай, нөсер жаңбырдан қаланың орталық базары аумағындағы кәріз жүйесінен су ағып үлгермеді. Қазіргі уақытта, су басқан аумақтарды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік жағдайды жою үшін барлық қажетті ресурстарды тартты. Бұдан басқа, қаладағы тұрғын үй аулаларының аумақтарын тексеру бойынша мониторингтік жұмыс тобы құрылды. Тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.