Қазақстандық футбол клубтар еурокубоктарда қанша табыс тапқаны белгілі болды
Қазақстандық футбол клубтар еурокубоктарда қанша табыс тапқаны белгілі болды
388
оқылды
Қазақстандық екі клуб – «Тобыл» және «Қызылжар» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтіп, өз бюджеттерін айтарлықтай толықтырып алды, - деп хабарлайды Sports.kz порталы. Бастапқыда «Тобыл» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 285 мың доллар алған болатын. Ендігіде, Қостанайдың аталған клубы Конференция лигасының үшінші кезеңінен шығып қалса да, кепілді түрде 560 мың доллар алады. «Қызылжарға» келсек, Конференция лигасының үшінші кезеңіне қатысқаны үшін петропавлдық клуб та 560 мың доллар алады. Ал еурокубоктарда өнер көрсетуін аяқтаған «Астана» мен «Қайрат» Конференция лигасының екінші кезеңінде 356 мың доллардан табыс тапты. Осылайша, осы уақытта қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы табысы 2 117 000 долларды құрап отыр. Бұл сомаға маусым аяқталған соң маркетингтік және телеқұқықтардың сатылымынан түскен проценттер қосылады.